Дидактический материал.Казахсккий язык » ГККП "Ясли сад №173"
Коммунальное государственное казенное предприятие
«Ясли-сад №173»
Управления образования города Алматы
Заведующий :
+7(727) 223-23-16
Методист:
+7(727) 223-25-68
Версия для
слабовидящих
» » » Дидактический материал.Казахсккий язык
01
апрель
2025

Дидактический материал.Казахсккий язык

Занятие казахского языка в предшкольной группе детского сада


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: қазақ тілі

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,сауат ашу,көркем әдебиет,музыка, шығармашылық.

Сабақтың  тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
 І  Білімділік:
 Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту, сөздер мен сөзтіркестерін пайдаланып, өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
 ІІ Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
 ІІІ Тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Қайталау,бекіту,әңгімелеу,сұрақ-жауап,таңғажайып кезең,көркем сөз,сөздік, сөз жұмбақ,дид ойын,түсіндіру,мадақтау.

Қолданылатын материал: Қазақстан Республикасының картасы,схемалар, бейне тапсырма, ойыншық, гүлдер, әріптер, компьютер,бейне таспа.

Билингвалдық компонент: Отан-Родина,көктем-весна, торғай- воробей,дос-друг,рәміздер-символика.

       Ұйымдастыру кезең  /Психологиялық күйге келтіру/

Қуан шаттан алақай

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты бүгін күн!

    Кіріспе бөлім    /Балалар үстел басына жайғасады/

Сұрақ-жауап әдісімен өткенді қайталау,бекіту.

Балалар,бүгін аптаның қай күні? /сейсенбі/

Ертең қай күн? /сәрсенбі/

Кеше қай күн болды? /дүйсенбі/

Барлығы бір аптада неше күн? /жеті күн/

Кәне айтып шығайық және санайық

Қазір жылдың қай мезгілі? /көктем/

Көктемде неше ай бар? /үш/

Олар қандай айлар? /март, апрель, май/

Көктемнің келгенін біз қайдан білдік,ерекшеліктерін кім айтады?

/балалардың жауабы/

Көктем туралы білімдерін суреттер /схема/ арқылы сөз тіркестіріп жинақтау.

    Негізгі бөлім:

Таңғажайып кезең: /Компьютерге «көктемнен» бейне-хабарлама келуі/

Көктем: Сәлеметсіңдерме, балалар!- Мен көктем ханшайымымын! Я- королева Весна...

Сендер мен туралы көп біледі екенсіңдер, мен өте қуаныштымын.Слышу вы много знаете обо мне, я очень рада. Ал Отан туралы не білесіңдер? Что вы знаете о своей Родине?

Қазір сендерге мен досымды жіберемін. Ол тапсырма әкеледі. Тапсырманы жақсы орындасаңдар сыйлық аласыңдар.Сейчас я к вам отправлю своего друга, который принесет вам задания. Если вы справитесь ,получите подарок. Рахмет! Сау болыңдар!

Құстың ұшып келуі /ойыншық,әуенді торғай/

Мұғалім:-Балалар, мынау не,бұл қандай құс?

Балалар: -/Торғай/

Мұғалім:-Торғай көктемнің досы. Дос деген кім?

Балалар: – друг

Мұғалім:- Біз де торғаймен дос болайық,әкелген тапсырмаларын орындауға  кірісейік.

1 тапсырма:

Отан туралы сұрақтар

Сендер қай Республикада тұрасыңдар? /Қазақстан Республикасында/

Қазақстанның бас қаласы қай қала? /Астана/

Қазақстанның Елбасы кім? /Н. Назарбаев/

Қазақстан туралы не білесіңдер?Қазақстан қандай ел?

/Қазақстан – үлкен,жері бай,көп ұлтты мемлекет т.б/

2 тапсырма:

Рәміздер туралы

а/ Ребята, в каждой стране есть свои символы.

 Кто назовет символику нашей страны?

 Балалар: /флаг,герб,гимн/

 на казахском языке– ту, елтаңба, ән ұран.

Қазақстан Республикасының ән ұранын орындау

б/ Обратить внимание детей на экран,где изображен государственный флаг,герб.

Балалар,енді мемлекеттік ту мен елтаңбаға сипаттама берейік.

Балалардың әңгімелеуі:

/ту-көгілдір мата, ортасында алтын күн,күн астында-қыран құс,тудың шетінде үлттық ою-өрнек.

Елтаңба –көгілдір аспан үстінде-шаңырақ, екі жағында- пырақтар,жоғарыда-бес бұрышты жұлдыз,төменде- Қазақстан деген жазуы бар/

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы балалардың тақпақтары:

Аспан түстес көгілдір           Мағыналы сымбатты

Тік бұрышты матаның         Бар осындай белгіміз

Ортасында төгіп нұр                  Маған, саған қымбатты

Күн жаяды шапағын                  Елтаңбасы ол-еліміз!

3 тапсырма:Сөздік жұмыс:

Жаңа айтылған рәміздердің белгілерімен сөздік жұмыс өткізейік,қазақша сөздерді орысшаға аударыңдар:

ою-орнамент,күн-солнце,қыран-беркут,жұлдыз-звезда,қанатты пырақ- крылатые кони.

Сергіту сәті: торғайдың қанат қағу,су ішу,секіру қимылдарын көрсету.

4 тапсырма:

Суреттер арқылы сөз шығару:     /орман, торғай,алма, нан/

   О

   Т

   А

 Н

                                                   

                                                                       

5 тапсырма:

Отан,туған жер туралы тақпақ, мақал-мәтелдер  білесіңдер ме?

Отан туған үйіміз,               Отан менің ата-анам,         Моя Родина-Отан,

Отан туған жеріміз,             Отан досым, бауырым.         Край любимый-Казахстан.

Отан ортақ үйіміз                     Отан Өлкем Астанам,         Горы,степи и поля,

Отан көңілді ән- күйіміз.   Отан туған ауылым.          Эта вся моя земля.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер:

Балалар:

  • Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

          Человек без Родины, что соловей без леса

  • Отан – оттан да ыстық

          Родина- жарче огня

  • Жері байдың- елі бай

          На богатой земле- богатый народ

  • Туған жер –алтын бесік

          Родная земля- золотая колыбель.

6 тапсырма: Ал енді, балалар өздеріңе белгілі символдар арқылы Қазақстан туралы сөзтіркестер құрастырайық. Алдымен мына белгілер нені білдіретінін есімізге түсірейік:

 О о- үлкен,кішкентай,  +-бар,     - тұрады,        -сүйемін.  

Берілген белгілер арқылы әңгіме құрастыру:

/Қазақстан – үлкен, бай мемлекет .Қазақстанда ауыл-қалалар,өзен-көлдер, таулар,тамаша табиғаты бар. Біздің елде көп ұлттар тату тұрады.Мен туған жерімді өте сүйемін./

7 тапсырма: Қазақстан картасымен жұмыс

 Мынау балалар, Қазақстанның картасы. Мұнда жаңа өздерің айтқан көптеген үлкен,кіші қалалар көрсетілген. Қазақстан жерінің әсем табиғаты,  пайдалы қазбалары бейнеленген.Бұл біздің Отанымыз – Қазақстан.

Балалар, картаның жанында әріптер бар, олар адасып кетіпті. Сендер осы әріптерден Қазақстан деген сөзді шығарып ретімен тұруларыңды өтінемін. ҚАЗАҚСТАН деген сөз шықты,Жарайсыңдар!

Рефлексия:

Балалар,айтыңдаршы?!

Күннің шыққаны жақсы ма? Развести руки над головой//

Хороший /шапалақтайды/

Желдің соққаны жақсы ма? /желді көрсету/

Хороший /шапалақтайды/

Достарыңмен жүру жақсы ма? /бір адым адымдайды/

Хороший /шапалақтайды/

Туған өлкеде жақсы ма? /құшақтарын жаяды/

Хороший /шапалақтайды/

Қазақстандық болған жақсы ма? /бас бармақтарын көрсетеді/

Хороший /

Ребята, посмотрите,как развеселился наш гость, он что-то хочет вам сказать... /пение птички/

Он сказал, что вы ему очень понравились,он обязательно расскажет весне как вы сегодня занимались, что вы много знаете о  своей  Родине стихов пословиц, что очень любите свою страну и дорожите ею.

За то, что вы сегодня все активно участвовали,старались выполнять задания он хочет вам передать корзину с подснежниками.Давайте, мы нашему другу скажем көп рахмет и проводим его.

 Вам понравился подарок от весны?

Что больше всего понравилось на занятий? Кто был самый активный ? /ответы детей/

Ребята,мне тоже очень понравилось как вы сегодня занимались, смогли показать свои знания.Молодцы! Рахмет! Сау болыңдар!  









































Занятие казахского языка в старшей группе детского сада


Сабақтың тақырыбы: Айға саяхат.

Сабақтың мақсаты:Хороший тілектер айту арқылы сәлемдесуге үйрету, Өткен тақырыптарды қайталау барысында домжануарларының, жабайы аңдардың ерекшеліктеріне тоқталу.Қазақша қойылған сұрақтарға түсініп, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.Жекеше, көпше түрде атауларға,ойлауға, есте сақтауға жаттықтыру.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсінік беру, жұмбақ шешу , ойын, сұрақ-жауап, жаттықтыру.

Сабақтаың көрнекіліктері:Түрлі-түсті суреттер, кәртішкелер, т.б құралдар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу(Балалалар жарты дөңгелек болып тұрады).

Хормен:Білер адам баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Баршаңызға ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

2.Өткен сабақты қайталау:Жылдың қай мезгілі, аптаның қай күні екенін анықтап, балалаларды әңгімеге тарту.

«Кім тапқыр ойынын» ойынау.Балалалар шеңбер болып отырады да, мұғалім допты допалатып сұрақтар қояды.

-Балалалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын атаңдар?

-Кәзір қай ай?

-Апта күндерін ата?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Ертен аптаның қай күні?

Мұғалім:Балалар отырыңдар.Енді жұмбақ шешейік.

3.Жұмбақ жасыру.

Көктен түседі,

Жер ішеді. (Жаңбыр)

Шумит он в поле и в саду, а в дом не попадает.

И никуда я не пойду, покуда он идет.


Без рук, без ног, под окном стучится, в избу просится.

Мұғалім: Ол не?

Балалар:жаңбыр.

4.Тіл дамыту.

Мұғалім:Балалалар жаңбыр қайдан жауады?

Балалар:Жаңбыр аспанан жауады.

Мұғалім:Аспанда не бар?

Балалар:Ай, күн,жұлдыз бар.

Мұғалім:Айға ұшқыларың келе ма?

Балалар:Иә

Мұғалім:Чтобы полететь на луну нам надо построить ракету, а чтобы построить ракету мы исползуем эти фигуры.

(Пішіндерді тақтаға іліп көрсетеді)

Мұғалім:Барлығы қалай аталады?

Балалалар:Пішіндер.

Мұғалім балаларды кезекпен тақтаға шығарып әр пішінді қолданып, оның атауын, түсін атап зымыранның бөлшектерін құрастыртады.

Мұғалім:Балалар біз не құрастырдық?

Балалар:Зымыран

Мұғалім:Енді біз зымыранмен айға ұшамыз.Көздеріңді жұмыңдар.

(Оы уақытта музыка ойнап Ай кіріп, ортаға стол қойылып оның үстінде түрлі-түсті жұлдызшалар жатады, жұлдыздардың беті матамен жабылған)

5.Сұрақ-жауап.

Мұғалім:Балалалар көздеріңді ашыңдар.

Ай:Сәлеметсіңдерме балалар.Менің атым Ай.Сенің атың кім?

Бала:Менің атым Алина.

Ай: Сенің атың кім?

Бала:Менің атым Саша.

Ай:Сенің атың кім?

Бала:Менің атым Айгүл.

Ай:Сенің тегің кім?

Бала:Менің тегім Горбунова.

Ай:Сенің жасың нешеде?

Бала:Менің жасым алтыда.

Ай:Сен қай елде тұрасың?

Бала:Мен Қазақстанда тұрамын.

Ай:Сен қай қалада тұрасың?

Бала:Мен Теміртау қаласында тұрамын.

Ай:Біздің елбасшымыз кім?

Бала:Біздің елбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев

Ай:Сен қай бөбекжайға барасың?

Бала:Мен «Сәуле» бөбекжайына барамын.

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар.Енді ойын ойнайық Ай сіз отырып көріңіз.

6.Сөздік ойыны:( Дөңгелек столдағы тұрлі-түсті жұлдыздарды көрсетеді.Ойынға төрт баланы шығарады)

Мұғалім: Игра называется «Разноцветные звездочки. Түрлі-түсті жұлдыздар». Мұғалім: Балалалар мыналар нелер?(Жұлдыздарды көрсетеді)

Балалар:Жұлдыздар.

Мұғалім:Көк,ақ,қызыл, жасыл

Барлығы қалай аталады?

Балалар:Түстер.

Мұғалім:Саша көк түсті көрсет.Алена қызыл түсті көрсет,Альбина ақ түсті көрсет, ата.Когда начинается музыка, каждый собирает свои цвета.Когда музыка закончится, мы игру остоновим.Начали 1-2-3 (Музыка басталып,балалар жұлдыздарды бір-бірден жинай бастайды.Музыка тоқтағанда балалар жинауын тоқтатады).

Мұғалім:Саша жұлдыздарды сана?

Бала:Бес жұлдыздар,көк түс.

(Төрт бала жұлдыздарын санап, түстерін айтады.Ең көп жұлдыздар жинаған баланы мақтайды)

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар.

Ай:Вы хорошо поиграли.Рахмет что вы прилетели на луну.Я вам подарю вот такой сундук, а внутри есть для вас подарки.Когда вы вернетесь в детский сад, посмотрите что в сундуке.Сау болыңдарбалалар.Жолдарың болсын!

Мұғалім:Ай вам пожелала хорошее пожелание, Жолдарың болсын!Это на русском языке будет Счастливого пути!Довайте повторим Жолдарың болсын!

Балалар:Жолдарың болсын!

Мұғалім:Көздеріңді жұмыңдар, енді бөбекжайға қайавгуст.(Музыка ойналып, Ай кетеді, дөңгелек столды алып тастайды).

Мұғалім:Көздеріңді ашыңдар міне балабақшаға келдік.Балалар сендер қайда ұштыңдар?

Бала:Айға ұштық.

Мұғалім:Айға ұшу үшін не қолдандық?

Бала:Зымыран.

Мұғалім:Айда не көрдіңдер?

Бала: Ай, жұлдыздар.

Мұғалім:Жұлдыздар қандай түсте болды?

Бала:Ақ,көк,қызыл,жасыл түсте болды.

Мұғалім:Ай бізге не тіледі?

Бала:Жолдарың болсын!

Мұғалім:енді біраз сергіп алайық.

7.Сергіту сәті.

Тұр бойыңды тік ұста,

Алдыға иіл тыныста.

Бір қолыңды соз алға,

Ұшбұрыш сыз ауада.

Екінші қол тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын.

Енді қолды түсіріп,

Отырайық орынға.

Мұғалім:Ай бізге не берді?

Балалар:Сыйлық.

Мұғалім:Енді айдың сыйлығын көрейік.(Суреттерді балаларға таратады).

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Жылқы. Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Құлын.

Мұғалім: Мынау не?

Бала:Қой. Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Қозы.

Мұғалім: Мынау не?

Бала:Ешкі. Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Лақ.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Сиыр. Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Бұзау.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Түйе Мұғалім:Оның төлі не? Бала:Бота.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Аю. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Қоян. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Түлкі. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Қасқыр. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Мынау не?

Бала:Жолбарыс. Мұғалім:Ол қандай жануар? Бала:Ол жабайы аң.

Мұғалім:Покажите домашних животных?

-Барлығы қалай аталады?

Балалар:Үй жануарлары.

Мұғалім:Покажите диких животных?

Балалар:Жабайы аңдар.

8.Қорытынды.

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар (Суреттерді жинап сыйлыққа жұлдыздар таратады).Дети давайте станем полукругом, и гостям скажем хорошие пожелания.

Балалар:Қол ұстасып тұрайық,

Жарты шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар қонақтар! (балалар шығып кетеді.)







































Занятие казахского языка в средней группе детского сада


Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Сәлем - сөздің атасы.

Мақсаты:

  1. балаларды қазақша амандасып, қарапайым сұраққа жауап беруге үйрету.
  2. Балабақша туралы түсінік беру. Балабақша, топ, үстел, орындық сөздерін айтуға үйрету.
  3. Достыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық киімдегі қуыршақ, суретті сөздіктер.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар.

Билингвальды компонент: Сәлеметсіз бе! Сәлеметсіздер ме! - Здравствуйте! Балабақша-детский сад, үстел-стол, орындық-стул

  1. Қуыршақ (ұлттық киімдегі әдемі қуыршақ) ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне арнайы қонақ болып келеді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айгөлек келді. Қәне, бәріміз Айгөлекпен амандасайық.

  • Сәлеметсіз бе!

Қуыршақ Айгөлек:

  • Жаңа оқу жылдарыңмен құттықтаймын. Сендерге мемлекеттік тілді үйретуге көмектесемін, алдағы жұмыстарыңа табыс тілеймін.
  • «Танысу» дидактикалық ойыны.
  • Сенің атың кім? (Балалармен танысу).
  • «Тыңда, көрсет, қайтала» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға қуыршақтың суреті ілінеді. Балалар педагогтің сұрақтарына жауап қайтарады.
  • Мынауне?
  • Қуыршақ ұл ма, қыз ба?
  • Дыбыстық жаттығулар.

Біздің балабақша «Анли» деп аталады.Балабақшамыз үлкен, жарық, таза, әдемі. Қане мына сөздерді қайталайық: балабақша.

-Сендер қайда отырасындар?

-Кітаптар қайда тұр?

-Сендердің топтарын қалай аталады?

ҚУ-ҚУ-ҚУ – ҚУЫРШАҚ. Сергіту сәті

БА-БА-БА-БАЛА Мен әдемі қуыршақпын,

БА-БА-БА-БАҚША Би билеймін көңілді.

Ұл мен қыздар тыңдайды,

Бірге билеп зырлайды









Похожие публикации:

11 сентябрь 2024 Занятие по музыке.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив